10:35, 20 Желтоқсан 2013 | GMT +5
«Қайрат» шағын футбол клубы Латвиядағы Еременко кубогы турнирін сәтті бастады
АЛМАТЫ. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше шағын футболдан Латвияда жалауы көтерілген Константин Еременко кубогы турнирінде Алматының «Қайраты» алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Ол «В» тобындағы Чехия елінің «Балтиквлор» командасын 10:5 есебімен тізе бүктірді. Жерлестеріміздің бүгінгі қарсыласы ресейлік ойыншылар болмақ. Ал топтық сындағы ақтық ойынын 22-желтоқсанда жарыс қожайындарының «РАБА» командасымен өткізеді.