«Қайраттың» бапкері Суперкубок қарсаңындағы дайындық туралы айтты

АСТАНА. KAZINFORM – Алматының «Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Қостанайдың «Тобылына» қарсы өтетін Қазақстан Суперкубогы ойыны алдындағы дайындығымен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.

Рафаэль Уразбахтин
Фото: Kazinform

Бас бапкер команда жаңа маусымның басталуын асыға күтіп отырғанын айтып, жанкүйерлерге тартысты әрі сапалы ойын көрсетуге ниетті екенін жеткізді.

– Қайырлы кеш! Баршаңызды мерекемен, қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын.

Ертеңгі матчқа келсек, біз жаңа маусымның басталуын тағатсыздана күтіп отырмыз. Жанкүйерлер мен стадионға жиналатын көрермендерді қуантуға тырысамыз. Сапалы әрі тартымды ойын көрсетуге күш саламыз. Ертең алаңда қандай деңгейде болатынымызды көре жатармыз.

Әрине, бұл – маусымның басы. Сондықтан біз де, «Тобыл» да әлі толық бабына келген жоқпыз деп ойлаймын. Дегенмен жақсы ойын болады деп күтеміз. Әдетте чемпионат басталар алдында жанкүйерлерді қыздыру үшін дайындық сипатындағы кездесулер өтеді. Бұл матч та сондай сипатта өтеді деп ойлаймын. Баршаңызды маусымның басталуымен құттықтаймын, ал ертең бәрін алаң көрсетеді, – деді бапкер.

Айта кетейік, Қазақстан Суперкубогы үшін «Қайрат» пен «Тобыл» арасындағы матч 28 ақпанда «Астана Арена» стадионында өтеді.

Бұған дейін футболдан Қазақстан кубогы 1/16 финалының жеребесі тартылғаны хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар
Референдум