«Қайраттың» Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсыластары анықталады

АСТАНА. KAZINFORM — Алматылық «Қайраттың» футболдан UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсыластары анықталады. 

«Қайраттың» Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсыластары анықталды
Фото: «Қайрат» футбол клубы

Кеше, 17 маусымда алматылық команданың аталған турнирдің бірінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы анықталды. Олар Словенияның «Олимпия» командасымен 8/9 шілдеде Люблянада және 15/16 шілдеде Алматыда жарыстың келесі сатысына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Егер алматылық клуб екінші іріктеу кезеңіне шыққан жағдайда төменде көрсетілген жұптардың жеңімпазымен кездеседі.

«Виртус» (Сан-Марино) — «Зриньски» Мостар (Босния және Герцеговина)
КуПС (Финляндия) — «Милсами» (Молдова)
«Нью Сейнтс» (Уэльс) — «Шкендия» (Солтүстік Македония)
«Шелбурн» (Ирландия) — «Линфилд» (Солтүстік Ирландия).

Жеребе тарту рәсімі бүгін, 18 маусымда қазақстандық уақытпен 15:00–ге белгіленген.

Егер «Қайрат» «Олимпияға» есе жіберген жағдайда Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңіне жолдама алады. 

Соңғы жаңалықтар