«Қайраттың» Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды
АСТАНА. KAZINFORM - Алматылық «Қайраттың» футболдан UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды.

Алматылық команда аталған турнирдің бірінші іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» командасымен кездеседі. Командалар 8/9 шілдеде Люблянада және 15/16 шілдеде Алматыда жарыстың екінші сатысына берілетін жолдаманы сарапқа салады.
Келесі кезеңге шыққан жағдайда алматылық клуб КуПС (Финляндия) және «Милсами» (Молдова) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ойындар 22/23 шілде және 29/30 шілдеге белгіленген.
Ал жеңілген жағдайда Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде ФКСБ (Румыния) - Интер (Андорра) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Аталған лиганың 2 іріктеу кезеңіндегі матчтар 24 және 31 шілдеге жоспарланған.
Енді Еуропа лигасында «Ақтөбе», Конференция лигасында «Ордабасы» мен «Астананың» екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталады.
Бұған дейін алматылық «Қайраттың» футболдан UEFA Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталатынын жазған едік.