«Қайраттың» Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіндегі қарсыластары 28 тамызда анықталады

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің жеребесі қашан өтетіні белгілі болды.

«Қайрат» футбол клубы
Фото: «Қайрат» футбол клубы

Бұл шара 28 тамызда қазақстандық уақытпен 21:00-де басталып, «Qazsport» тікелей эфирде көрсетіледі. Аталған турнирде алматылық «Қайрат» плей-офф кезеңінде Шотландияның «Селтик» командасын (0:0, 0:0, пенальтиден 3:2) жеңіп, негізгі кезеңге жолдама алған еді.

Алматылық футболшылар аталған турнирдің алғашқы үш іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС клубтарын (0:2, 3:0), Словакияның «Слован» (1:0, 0:1, пенальтиден 4:3) командасын қапы қалдырып кетті.

Алматылық «Қайраттан» өзге негізгі кезеңге кипрлік «Пафос» және норвегиялық «Буде‑Глимт» жолдама алды. Оған дейін жарыстың аталған сатысында сынға түсетін 29 команда белгілі болды. Олардың қатарында «Тоттенхэм», «Ливерпуль», «Арсенал», «Манчестер Сити», «Челси», «Ньюкасл» (барлығы - Англия), «Наполи», «Интер», «Аталанта», «Ювентус» (барлығы - Италия), «Барселона», «Реал», «Атлетико», «Атлетик», «Вильярреал» (барлығы - Испания), «Бавария», «Байер», «Айнтрахт», «Боруссия Дортмунд» (барлығы - Германия), «ПСЖ», «Марсель», «Монако» (барлығы - Франция), ПСВ, «Аякс» (екеуі - Нидерланд), «Спортинг» (Португалия), «Юнион» (Бельгия), «Галатасарай» (Түркия), «Славия» (Чехия) және «Олимпиакос» (Грекия) бар.

Енді тағы үш команда 27 тамыз күнге ойындарда белгілі болады.

Соңғы жаңалықтар