«Қайраттың» Қысқы футбол кубогындағы ойын кестесі белгілі болды

Алматылық «Қайрат» футболдан РПЛ Қысқы кубогындағы ойын кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform.

футбол
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Халықаралық турнир 2024 жылдың 2-14 ақпан аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің Әбу-Даби қаласында болады.

Қарсыластары - ресейлік «Спартак»,«Ростов» клубтары және «Шабаб Аль-Ахли» командасы (БАӘ).

«Қайраттың» турнирдегі ойын кестесі:

6 ақпан. «Шабаб Аль-Ахли» - «Қайрат». Басталуы - 22:30;
11 ақпан. «Қайрат» - «Ростов». Басталуы - 21:00;
14 ақпан. «Спартак» - «Қайрат». Басталуы - 22:30.

Төрт команда топтық кезеңде бір-бірімен кездеседі.

Топта бірінші орын алған ұжым турнирдің жеңімпазы атағына ие болады.

Халықаралық турнирді жанкүйерлер «Qazsport» және Ресейдің «Матч ТВ» телеарналары арқылы тамашалай алады.

Аталған турнирдің соңғы чемпионы - мәскеулік «Спартак».