12:01, 30 Маусым 2010 | GMT +5
«Қайсар» биылғы біріншілікте алғаш рет жеңіліске ұшырады
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Футболдан еліміз чемпионатының бірінші лигасында өнер көрсетіп жатқан Қызылорданың «Қайсары» қатарынан 11 ойында жеңіске жеткеннен кейін,

бір рет тең ойнап, ақырында алғашқы жеңілісіне де ұшырады. Сыр бойының футболшылары кеше Өскеменде жергілікті «Восток» командасынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
«Восток» аталмыш жеңісінен кейін 37 ұпаймен турнир кестесінде көш басына шықты. Алайда, олардың «Қайсардан» бір ойыны артық. Қызылордалықтар 34 ұпаймен екінші орында тұр.
Осы турдағы өзге ойын нәтижелері төмендегіше: Қазақмыс - Цесна 0:0, Болат - Іле-Сәулет 2:2, Ақтөбе-жас - Асбест 3:0, Каспий - Қызылжар 1:4, Спартак - Лашын 1:2, Екібастұз - Гефест 2:2, Астана - Ақбұлақ 0:1, ЦСКА - Сұңқар 0:3.