«Қайсар» гандбол командасы 12 мәрте чемпион атанды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында гандболдан әйелдер арасында ел біріншілігі мәресіне жетті. Қызылорданың «Қайсар» командасы 12 мәрте чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ел біріншілігінде жүлделі орындарды сарапқа салуға төрт команда мүмкіндік алды.
Жартылай финалда қызылордалық «Қайсар» Өскеменнің «Алтайын», «Шымкент» клубы елордалық «Астананы» жеңіп, бас жүлде үшін таласқа түсті.
Финалда қызылордалық және шымкенттік спортшылар екі ойын өткізді. Алғашқысында «Қайсар» 44:33 есебімен басым түссе, екіншісінде 34:25 есебімен тізе бүктірді.

Нәтижесінде қызылордалық клуб ел біріншілігінің 12 дүркін чемпионы атанды.
Аталған команда сапында Вероника Хардина, Наталья Полуянко, Аружан Әмит, Жанерке Сейітқасым, Назым Сабыржанқызы, Татьяна Давыдова, Ксения және Мария Пупченковалар жақсы ойынымен көзге түсті.
Еске салсақ, Балалар жылы аясында Қызылордада 80 спорт және ойын алаңы ашылған.

Фото: Облыстық мәдениет және спорт басқармасы