«Қайсар» клубының спорттық директоры Әбіл Қалымбетов өмірден озды

ҚЫЗЫЛОРДА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат -Қазақстанның даңқты футболшыларының бірі, Қызылорданың «Қайсар» командасы сапында 20 жыл уақыт өнер көрсеткен, клубтың қазіргі спорттық директоры, жаттықтырушы және белгілі қоғам қайраткері Әбіл Қалымбетов 64-ке қараған шағында өмірден озды.
None
None

Ә. Қалымбетов футболға шын берілген нағыз қайраткер еді. Футбол алаңынан ойыншы ретінде жасы қырыққа жақындағанша кетпеген ол барлық футболшылық мансабын бір ғана командаға - Қызылорданың «Қайсарына» арнады. Бұдан бөлек, тағы 13 жыл осы жасақтың жаттықтырушы болып қызмет атқарды. Күллі саналы ғұмырын футболға арнаған Әбіл Арынұлын сондықтан да алаңдағы әріптестері ойыншы кезінде-ақ «Полковник» деп атаушы еді. Бұл лақап атты ол жас футболшыларды алаңда сауатты да тәртіппен ойнауға үйреткен қасиеті үшін алып еді. Оның даңқы сол жылдары Қазақстан ғана емес, Кеңес Одағының түкпір-түкпіріне де естілген болатын. Енді сондай абзал адам арамызда жоқ.

Ол бар болғаны 3-4 ай ғана ауырды.

Қызылорда жұртшылығы Әбіл Қалымбетовті ертең ақырғы сапарға шығарып салады.

Соңғы жаңалықтар