Қайсар Сұлтанбаев көлік терезесін қараңғылаудың жаңа талаптарын атады

АСТАНА. KAZINFORM – ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында көлік терезесін қараңғылауға қойылған шектеулер қалай өзгергенін түсіндірді.

Тонировка
Фото: Рexels.com

«Біз, жол ережелерінде пленкаларды қолдануға тыйым салу нормасын алып тастадық. Өйткені Кеден одағының техникалық регламентінде міндетті талаптар реттелген», - деді ол.

Қайсар Сұлтанбаев көлік терезесін қараңғылаған жағдайда көру аймағын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды атады. Олар:

- көлік зауыттан шыққан кезде қос қапталындағы терезелері қараңғыланған болса; 

- жүргізушінің жолдағы жағдайды толықтай көруін шектейтін қосымша заттардың немесе жабындардың болмауы керек;

- терезе әйнектерінің жарық өткізгіштігі кемінде 70% болуға тиіс;

- әйнектер ақ, сары, қызыл, жасыл, көгілдір түспен боялмауы керек.

Соңғы жаңалықтар