«Қайсардан» кейін «Қызылжар» клубы жекеменшікке өтті

АСТАНА. KAZINFORM — «Қызылжар» футбол клубы алғашқылардың бірі болып жеке қаржыландыруға көшеді. Бұл туралы футбол клубының ресми парақшасында хабарланды.

Қазақстан кубогы: «Елімай» мен «Қызылжар» ширек финалға жолдама алды
Фото: ҚФФ

Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, спорттық брендті, инфрақұрылымды және клубтың активтерін беру туралы келісім қабылданды. Кәсіпкер Сергей Кан футбол клубының инвесторы болды.

— Петропавл қаласында спорттық сабақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжат «Қызылжар» футбол командасының ҚФФ, FIFA және UEFA қолдауымен өтетін жарыстарға қатысуына байланысты құқықтар мен міндеттердің берілуін анықтайды. Мемлекет басшысының кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде «Қызылжар» футбол клубының инвесторы болып кәсіпкер Сергей Кан анықталды, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Қызылорда облысының «Қайсар» футбол клубы 2025 жылдың 30 қазанынан бастап ресми түрде «TAU Group LTD» компаниясының басшысы Исламғали Қозбақовтың жеке басқаруына берілгенін жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар