Қайтарылған активтер есебінен 4 мыңға жуық қостанайлық таза сумен қамтылады
АСТАНА. KAZINFORM — Қостанай ауданында прокуратура органдары мемлекетке қайтарған активтер есебінен қаржыландырылатын ауқымды су құбыры желілерінің құрылысы белсенді түрде жалғасып жатыр.
Халықты таза сумен қамтамасыз етуге бағытталған бұл әлеуметтік маңызы бар жоба іске асырудың соңғы сатысында тұр.
Тобыл қаласының, сондай-ақ Заречное және Лиманное ауылдарының тұрғындары сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі.
Салынып жатқан су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 157 км.
Жобаны іске асыру нәтижесінде ауданның 4000-ға жуық тұрғыны орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын ағымдағы жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Қостанай облысында қайтарылған активтер есебінен барлығы 25 әлеуметтік нысан іске асырылып жатыр.
Оның ішінде 19 жоба халықты орталықтандырылған сумен жабдықтауға тұрақты және жайлы қолжетімділікпен қамтамасыз етуге бағытталған.
Айта кетелік Қостанайда күн электр станциясы іске қосылған еді.