Қайтарылған активтер есебінен СҚО-да балабақша салынып жатыр
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — 4 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары Абу-Али Саттар әкімдік өкілдерімен бірлесіп Петропавл қаласында балабақша құрылысын тексерді.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасының мәліметінше, объект прокуратура органдары қайтарған активтер есебінен салынады. Жобаның жалпы сомасы 1,9 млрд теңге.
— Балабақша 280 орынға есептелген, бұл кезектілікті қысқартады және балаларды оқыту мен дамыту үшін заманауи жағдайлар жасайды. Бүгінгі таңда жұмыс 40 пайызға аяқталды. Нысанды тапсыру биыл желтоқсан айына жоспарланған, — делінген хабарламада.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша барлығы қайтарылған активтер есебінен 33 жоба іске асырылып жатыр.
Әлеуметтік нысандардың құрылысы — бұл өңірдің дамуына және болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қосқан үлесі.
Айта кетелік қайтарылған активтер қаражаты есебінен 400-ден астам әлеуметтік нысан салынып жатқаны туралы жазған едік.