17:51, 14 Шілде 2025 | GMT +5
Қайтарылған активтер: Жалпы құны 352 млн теңге тұратын қол сағаттары аукционға қойылды
АСТАНА. KAZINFORM – e-qazyna.kz онлайн-платформасында активтерді қайтару жұмыстары аясында тәркіленген қол сағаттары аукциондық саудаға қойылды.

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС мәліметінше, аукционға жалпы бастапқы құны 352,3 миллион теңге болатын 25 қол сағаты қойылған.
Аукцион биыл 31 шілдеде бағаны көтеру форматы бойынша өтеді.
Компания өкілдерінің айтуынша, аукционның мақсаты – қайтарылған активтердің ашық түрде сатылуын қамтамасыз ету және барлық мүдделі тарапқа қатысуға тең мүмкіндік беру.
Бұған дейін активтер есебінен қайтарылған зергерлік бұйымдар қайта сатылымға қойылатыны туралы хабарлаған едік.
Одан бөлек, қайтарылған активтер есебінен Алматы облысы мен Алматы қаласында бес жер учаскесі сатылымға қойылды.