Қайықтан аударылған тұрғын Арал теңізіне батып кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысындағы Кіші Арал теңізі аумағында 43 жастағы азамат моторлы қайықтан аударылып, суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 7 шілдеде сағат Кіші Арал теңізі аумағында болған. Ол Ақеспе ауылынан 3 шақырымдай қашықтықта орналасқан. 1978 жылғы азамат сағат 16.00-де моторлы қайықпен кетіп бара жатқан сәтінде теңізге батып кеткен.

«Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жедел-құтқару жасағынан 4 құтқарушы мен 1 техника барды. Суға кеткен азамат іздестірілуде», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің маманы Әлия Ережепова.

Еске салсақ, бұдан бұрын құтқарушылар бүгін 31 жастағы азаматтың денесін Қызылорда қаласы тұсындағы Сырдария өзенінің бетінде қалқып жүрген жерінен тауып алды.

Айта кетсек, жыл басынан бері облыстың су айдындарында 35 адам суға кетіп көз жұмды. Оның ішінде 20 бала.

Соңғы жаңалықтар