Қайырымды істер марафоны аясында 5 млн адамға атаулы көмек көрсетілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 5 млн отандасымызға 6,2 млрд теңгеге атаулы көмек көрсетілді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Birgemiz» волонтерлердің республикалық фронт-кеңсесі мен оның 17 өңірдегі филиалының жұмысын ерекше атап өткен жөн. Бүгінде QazVolunteer.kz платформасы волонтерлік қызмет бойынша бірыңғай ақпараттық ресурсқа айналды. Аталған платформа 53 мыңға жуық волонтерді, 1000-нан астам жоба мен 3,4 мыңнан астам волонтерлік ұйымды біріктіреді», - деді Асқар Умаров елордада өткен Орталық Азия елдері волонтерлерінің форумында.

Министрдің айтуынша, «Birgemiz» жалпыұлттық жобасы аясында 8 бағыт бойынша волонтерлік жүйе құрылды.

«Тек өткен жылдың өзінде оған 70 мыңнан астам волонтер қатысты. Жанашыр қазақстандықтар түрлі қиындыққа тап болған балалар мен жастарға көмектесіп жатыр. Ерікті азаматтар медицина, әлеуметтік және экологиялық волонтерлік саласында қол ұшын созуда. Жануарларды қорғау мен материалдық және рухани мәдени-тарихи мұраны сақтау ісінде де волонтерлердің еңбегі зор. Сонымен қатар, волонтерлер төтенше жағдайларға тап болған жандардың өмірін сақтап қалуға атсалысуда», - дейді ол.

Одан бөлек, Асқар Умаров жалпыұлттық «Қайырымды істер марафоны» акциясы аясында 5 млн азаматқа 6,2 млрд теңгеге атаулы көмек көрсетілгенін айтты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай Қазақстанда волонтерлік туралы заңның орындалуына мониторинг жүргізілмек.


Соңғы жаңалықтар