01:01, 28 Наурыз 2022 | GMT +5
Қайырымды жандардың көмегімен түркістандық екі отбасы баспаналы болды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Қайырымды жандардың көмегімен түркістандық екі отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

27 наурыз күні Түркістан қаласындағы «Сауран» тұрғындар алабында Наурыз мерекесі тойланды.
Мыңға жуық тұрғын қатысып, наурыз көжеден дәм татты.
Мерекелік шарада «Қарекет» қайырымдылық қоры мен «Сауран» мөлтек ауданы тұрғындарының демеушілігімен екі отбасыға баспана кілті табысталды.
Жиында әуезді ән шырқалып, ұлттық салт-дәстүрлер дәріптелді. Қазақша күрес, қол күрес ойындары ұйымдастырылып жүлделі сыйлықтар берілді.
Сонымен қатар, мықтылар бұқа көтеру мен кір тасын көтеруден күштерін сынады.
Айта кетейік, кешегі күні Түркістан қаласының «Бекзат» мөлтекауданында Наурыз мерекесі тойланып, тұрғындардың демеушілігімен көпбалалы анаға төрт бөлмелі үйдің кілті берілген еді.