Қаза тапқан ақтөбеліктердің есімдері белгілі болды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 5 маусымда лаңкестік салдарынан қаза тапқан 7 адам - бейбіт тұрғындар мен әскери қызметшілердің есімдері белгілі болды.
None
None

Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ернұр Бұраханның айтуынша, қаза тапқандар:

- «Паллада»  дүкенінің сатушысы Андрей Владимирович Максименко 1978 жылы туған.

- Зейнеткер Николай Алексеевич Онищенко 1947 жылы туылған  («Паллада» маңынан өтіп бара жатқан).

- «Күзет»  қызметінің қызметкері Мерхан Есенбайұлы Тәжібаев 1983 жылы туған.

- «Пантера» дүкеніне келуші Михаил Витальевич Матросов 1981 жылы туған.

- Әскери қызметші Сапар Досбол Еркінбекұлы ОҚО тумасы, 1997 жылы туған,

- Әскери қызметші Майлыбаев Даниэль Ақарысұлы, алматылық, 1975 жылы туған.

- Әскери қызметші  Қалиев Берік Ерланұлы, оралдық, 1978 жылы туған. 

 

Соңғы жаңалықтар