Қаза тапқан үш полицейдің есімдері белгілі болды (ФОТО)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы ІІД баспасөз қызметі қаза тапқан үш полицей туралы мәлімет жазылған хабарлама таратты:
Полиция капитаны Нұрмаханбетов Бауыржан Мәлікұлы, ІІД ІІБ жанындағы ЖПП өзіндік қауіпсіздік қызметінің аға инспекторы, 28.03.1988 ж.туған. 22.12.2011 жылдан ІІБ-де қызмет етеді. Үйленген, бір қызы бар.
Полицияның кіші сержанты Сәлімбаев Мақсат Қолғанатұлы, ІІД ЖПҚ жанындағы ЖПП полкінің полицейі, 02.11.1991 ж. туған. 15.11.2013 жылдан ІІБ-де қызмет етеді. Үйленген, бір қыз тәрбиелеген.
Полиция старшинасы Ғалиев Аян Ерболғанұлы, Алматы қ. МКҚБ ММ полиция 2-ші батальонының полицейі, 18.04.1974 ж. туған. 30.01.1997 жылдан ІІБ-де қызмет етеді. Үйленген, 2 қыз тәрбиелеген.
«ҚазАқпарат» ХАА құрбан болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.