«ҚазАгро» егін егу және жинау науқандарына 100,6 млрд.теңге қарастырып отыр

Бұл көрсеткіш холдингтің өткен жылы осы мақсаттарға жұмсаған қаржысынан 16 пайызға жоғары, деп хабарлайды «ҚазАгро» баспасөз қызметі
Аграрлық шараларды жүргізуді қолдау «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниялары арқылы жүзеге асырылады: бидайды форвардтық сатып алу, екінші деңгейлі банктердің кепілдігімен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіру, несие серіктестерін несиелендіру, ауыл шаруашылық техникасының лизингі және тағы басқа.
Фермерлердің қаржылық құралдарына қолжетімділігін арттыру мақсатында өткен жылдағыдай Холдинг ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді несиелендіру үшін ЕДБ қорландыру құралын қолдануда. Бағдарламада қатысушы банктердің саны өткен жылмен салыстырғанда екі есе өскенін - 4-тен 8 дейін атап өткен жөн. Банктер арқылы қаржыландырудың жалпы көлемі 33,5 млрд.теңге сомасын құрайды. Бүгінгі күні соманың 99 пайызы игерілді.
Жалпы бүгінгі күні несиелік бағдарламалар арқылы қаржыландыруға 63,6 млрд.теңгеге 6 084 АШТӨ өтінімдері мақұлданды, 61,5 млрд.теңге сомасына 2 996 өтінім қаржыландырылды. Егін егу алқабының жалпы көлемі 6,3 млн.га жерді құрайды, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 17 пайызға жоғары.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ көктемгі егіс жұмыстары шеңберінде 8 млрд.теңге сомасына 897 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алуды қаржыландырды. Астық жинау науқанына 8,7 млрд.теңге сомасына 1008 комбайн алуға өтінімдер қабылданды, 3,2 млрд.теңге жиынтық сомасына 420 комбайнға қаржылық лизинг келісімшарттары жасалды.
Бұдан бөлек астық жинау науқанын жүргізуге аграршыларға көмек ретінде отандық өндірістегі комбайндарды жеңілдетілген шарттар бойынша алуға «Егін-2015» бағдарламасы енгізілетін болады. Бұл бағдарлама бойынша шарттар 7 жыл мерзіміне аванстық төлемді 10 пайыз көлемінде кейінге шегеру арқылы 2015 жылдың 15 қарашасына дейін ұзартуды көздейді. Осы орайда «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша субсидиялауды ескере отырып сыйақы мөлшерлемесі 6,4 пайызды құрайды.
Ауа райы жағдайының күрделілігін ескере отырып, аталған шаралар бидай тазалау және бидай кептіру жабдықтарын лизингке алу үшін де қолданылатын болады.
Сонымен қатар «ҚазАгроҚаржы» бидай сақтау сыйымдылықтарын арттыру мақсатында астық сақтау қоймаларының құрылысына және оны жаңғыртуға өтінімдерді қабылдауды және қарастыруды жүзеге асыруда.
Бүгінгі күні «ҚазАгро» Ұлттық холдингі инвестициялық қоржынында 881 мың тонна астық сақтау бойынша 24 млрд.теңгеге 46 жоба бар екендігін атап өту жөн. Ағымдағы жылы 280 мың тонна астық сақтау қуаттылықтарын іске қосу жоспарлануда.