«ҚазАгро» холдингі 2011 жылғы егіс науқанын қаржыландыруды бастады - А.Мамытбеков

А.Мамытбековтың айтуынша, бұл мақсатта несиелендіру және мемлекеттік қорға астық сатып алу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен 78 млрд. теңге бөлінді. Сонымен бірге, банктік кепілдемелер бергені үшін екінші деңгейлі банктердің комиссиялық жарналарының көлемін төмендету жөнінде Қаржыгерлер қауымдастығымен келісім жасалды. Және алдағы уақытта бұл межені 4 пайыздан, 2009 және 2010 жылдардағыдай 3 пайызға дейін төмендету туралы меморандумға қол қойылмақ.
«Сондай-ақ Холдинг агроөнеркәсіп кешендері субъектілеріне банктың кепілдемелері арқылы берілетін несиелердің пайыздық үстемесін 7-ден 5 пайызға дейін төмендету ұсынысын енгізді», - деді Мамытбеков.
«ҚазАгро» холдингінің басшысы атап көрсеткендей, нәтижесінде көктемгі егіс науқаны мен оны жинау жұмыстарына берілетін несиенің тиімді ставкасы бұрынғыдай 12 емес, 8 пайызды құрайтын болады.