«ҚазАгро» холдингі қаржыландырған жобалар бойынша өндірілген өнімдер діттеген жерге жетпей жатыр - Бақытжан Сағынтав

АЛМАТЫ. 7 қараша. ҚазАқпарат - «Азық-түлік белдеуі» мәселесіне арналған кездесулерде «ҚазАгро» холдингі қаржыландырған жобалар бойынша өндірілген өнімдердің діттеген жеріне жетпей жатқанын байқадым. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бүгін Алматыда өтіп жатқан алқалы жиында айтты.
None
None

«Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша 3 триллион теңге қарастырылып отыр. Қазіргі таңда «ҚазАгро» холдингі Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша 32 млрд. теңгенің 46 жобасын қаржыландырды. Тамыз, қыркүйек айларында әрбір бағыт бойынша шеберлік-жоспарларын талқылауға арнадық. Қазір ол дайын болып, жұмыс істей бастады», - деді Б. Сағынтаев. ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Алматы облысы мен Алматы қаласындағы іс-сапары аясында «Алатау құс» құс фермасында болды. Компания директорының айтуынша, олар өз өнімін Алматыға арзан бағамен жеткізе алады. Өйткені бағаның олардың өнімдерінің 70 пайызын жем құрайды. Егер құзырлы органдар бұл мәселені шешуге көмектессе, құс шаруашылықтары Алматы қаласын арзан құс өнімдерімен қамтамасыз етуге дайын екенін айтқан. Сондықтан бұл бағдарламада әкімдіктер қаншалықты үйлестірілгенін сұраған Бақытжан Әбдірұлы ауыл шаруашылығын қолдау құрылымдары ен алдымен әкімдікке келіп, жобаларды қаржыландыру кезінде олармен келісу керектігін жеткізді. Сондай-ақ «азық-түлік белдеуін» қамтамасыз ету бойынша «ҚазАгро» холдингі қаржыландырған жобалар бойынша өндірілген өнімдердің діттеген жерге жетпегеніне мүдделі барлық тараптардың назарын аударды.

Соңғы жаңалықтар