«ҚазАгро» холдингі көктемгі егіс жұмыстарына 60 млрд. теңге бөлді

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Көктемгі егіс науқаны  жұмыстарында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерін қаржылық тұрғыда қамтамасыз ету мәселесі шешілді.
None
None

Бұл туралы бүгін селекторлық режімдегі Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

«Жалпы «ҚазАгро» холдингі қаржысы есебінен көктемгі егіс жұмыстарына 96 млрд. теңге жоспарланды. 14 мамырдағы жағдай бойынша 60 млрд. теңгеден астамы қаржыландырылды»,-деп атап өтті министр.

Сонымен қатар А. Мамытбеков өңірлердің Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларының кепілдігімен несиелеу бағдарламасы жүзеге асырылып жатқандығын еске салып өтті. Бүгінде осы бағдарлама бойынша 11 млрд. теңгеге жуық қаржыландырылды.

Соңғы жаңалықтар