«ҚазАгро» холдингінің 5 жылдығына орай жарияланған байқауға материалдар қабылданып жатыр
Конкурстың ұйымдастырушысы - «ҚазАгро» холдингі. Ұсынылатын материалдардың негізгі тақырыбы - Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы Елбасының тапсырмаларын, агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік бағдарламаларды орындау бойынша мемлекеттің жұмыс нәтижелерін жариялау.
Естеріңізге сала кетейік, конкурсқа 2011 жылғы 1 қаңтар - 30 қараша аралығында жарыққа шыққан баспа және электрондық материалдар қабылданады. Ұсынымдарды қабылдау мерзімі - 2011 жылғы 1 желтоқсанына дейін.
Конкурстың 10 жеңімпазына «Планета электроники» дүкендер жүйесінде электр-тұрмыстық техника сатып алуға арналған жалпы сомасы 1 500 000 теңге сыйлықтық сертификаттар тапсырылады. Конкурстың нәтижесі 2011 жылғы 1 желтоқсанда шығарылып, марапаттау рәсімі Астана қаласында 7 желтоқсанында өтеді.