16:17, 10 Шілде 2009 | GMT +5
«ҚазАгро» тағы 18 жобаны қаржыландыруды қарастыруда
ШЕТАУ. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - «ҚазАгро» акционерлік қоғамы қаржы институты Ақмола облысында жалпы сомасы 21 миллиард теңгені құрайтын 18 жобаны қаржыландырмақ,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солардың қатарында Астрахан ауданында 4 мың бас ірі қара мал бордақылау алаңы, Степногор қаласында аумағы 3,6 гектар жылыжай, Егіндікөл ауданында бес мың мал бордақылау алаңы, Қорғалжын ауданында тәулігіне 15 тонна кешенді ет өңдеу кәсіпорны құрылысының жобасы бар. Оның сыртында құны 18 миллиард теңгеге тең 14 жобада Аршалы, Егіндікөл, Есіл, Щучье аудандарында тауарлы-сүт фермаларын, бордақылау алаңдарын салу қарастырылып отыр. Нәтижесінде өңірде ет, сүт өндіру, өңдеу арқылы Астананың азық-түлік белдеуін қажетті өнімдермен қамтамасыз ету жандандырылатын болады.