«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ 100 млн. АҚШ доллары сомасында HSBC Bank PLC банкінен алған қарызын өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 наурызда «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ 100 млн. АҚШ доллары сомасында HSBC Bank PLC банкінен алған қарызын дер кезінде өтеді, деп хабарлады холдингінің баспасөз қызметі.
None
None

Бұдан бұрын қаңтар айында Шотландияның Корольдік Банкінің (The Royal Bank of Scotland PLC) 100 млн. АҚШ доллары көлеміндегі қарызы өтелген болатын, сөйтіп, холдингі ағымдағы жылы шетелдік кредиторлардың алдындағы негізгі қарыздарын өтеу бойынша төлем сериясын аяқтады.

Аталған ақша қаражатын тартудың мақсаты - Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін ынталандыру және қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатын іске асыру үшін холдингтің айналым капиталын толықтыру, сондай-ақ АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру болып отыр. Тартудан түскен қаражат қаржылай сауықтыруға, ауыл шаруашылығы техникаларының лизингіне, ірі қара малды сатып алуға пайдаланылды.

Холдингтің халықаралық инвесторлардың алдындағы өз міндеттемелерін орындау бойынша дер кезіндегі әрекеті «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өзінің борыштық міндеттемелерін төлеу бойынша мүмкіндіктерінің жоғары екендігін қуаттады және айырықша сенімді және тартымды әріптес болып танылды.

Холдинг ешқандай күш жұмсамай-ақ ағымдағы жылы борыштық міндеттемелерін өтеу бойынша төлемнің шыңын меңгерді, бұл «ҚазАгро» холдингінің халықаралық инвесторлармен ынтымақтастығының жоғары үлгісі болды, ол Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын дамыту жөніндегі бағдарламаны іске асыру шараларына сәйкес келеді.

Соңғы жаңалықтар