«ҚазАгроИнновация» АҚ және Израиль Мемлекетінің ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Аграрлық зерттеулер орталығы арасында біріккен кәсіпорын құру туралы мәселе талқыланды

АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде ведомство басшысы Ақылбек Күрішбаевтың Израиль Мемлекетінің индустрия және сауда министрі Фуад Бен Элиезермен кездесуі болды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықты, атап айтқанда өсімдіктану, мал шаруашылығы, су ресурстарын тиімді пайдалану және аграрлық ғылымды дамыту перспективасы талқыланды.

Қазақстан мен Израиль президенттерінің ауызша уағдаластықтарына сәйкес аграрлық ғылымды дамыту бойынша «ҚазАгроИнновация» АҚ және Израиль Мемлекетінің ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Аграрлық зерттеулер орталығы арасында біріккен кәсіпорын құру туралы мәселе талқыланды.

Тараптар осы кәсіпорынның бірлескен қолданбалы ғылыми-зерттеулерін және аграрлық-өнеркәсіптік кешендегі инновациялық жобаларды қаржыландырумен айналысатынын атады.

Соңғы жаңалықтар