«ҚазАгроҚаржы» ресейлік банкпен екі жақты кредит келісіміне қол жеткізді

Бұл қаражатқа «Комбайновый завод «Ростсельмаш ЖШҚ өндірісінің 115 жоғары технологиялы ауыл шаруашылығы техникасын алу жоспарланған. Техника қазақстандық аграршыларға лизинг арқылы берілетін болады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
«Ресей рублі біз үшін Ресей Федерациясы өндірісінің техникаларын сатып алудың жаңа қаржыландыру көзі болып отыр. Бүгінгі таңда техника жеткізушілерінде сауданы қаржыландыру үшін банктерді тартатын үрдіс байқалады», - дейді «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландыру тарту бөлімінің бастығы Әсел Әлжан.
Айта кеткен жөн, «РОСЭКСИМБАНК» компаниясымен жасалған мәміле, қазіргі таңда баға саясатының қолжетімділігі жағынан да ерекшеленеді. Бұнымен қоса, келісім жеңілдетілген логистикалық және кедендік рәсімдердің арқасында үлкен сұранысқа ие болған ресейлік өндіріс техникасына отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады.