17:40, 01 Тамыз 2017 | GMT +5
«Казахстанская правда» газетінің бас редакторы ауысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы болып Асыл Сағымбеков тағайындалды, деп хабарлады Kazpravda.kz.

Бұрын ол «Вечерний Алматы» газетінде бас редактордың орынбасары болған. Әр жылдары «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, «ҚазАқпарат» ақпараттық агенттігінде, «Труд» газетінде және «Казахстанская правда» газетінде жұмыс істеген.
Басылымның бұрынғы бас редакторы Татьяна Костина зейнеткерлікке шықты.