17:07, 10 Ақпан 2009 | GMT +5
«Қазақ әдебиетінің антологиясы» атты он томдық еңбек жарыққа шықпақ
АСТАНА. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Биыл «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 10 жылдық мерейтойы мен Қазақстан Жазушылар одағының, оған қарасты «Қазақ әдебиеті» газетінің,

«Жұлдыз», «Простор» журналдарының 75 жылдық мерейтойы тұспа-тұс келіп отыр. Осыған орай, партияның қаржылай қолдауымен «Қазақ әдебиетінің антологиясы» атты он томдық еңбек жарыққа шықпақ. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында өткен брифингте партияның ресми өкілі Оксана Петерс мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Жинаққа қазақ әдебиетінің жауһар туындылары, соның ішінде ХХ ғасырдағы алыптарымыздан бастап, бүгінге дейінгі көрнекті қаламгерлердің таңдамалы шығармалары енгізілмек», - деді партияның ресми өкілі.Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев Қазақстан Жазушылар одағында болып, аталмыш одақтың басқарма мүшелерімен кездесу өткізді. Басқосу барысында «Нұр Отан» партиясы мен Жазушылар одағының арасында бірлескен іс-қимыл туралы уағдаластыққа қол жеткізілген болатын.