Қазақ актері суперқаһарман рөлін сомдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық актер Санжар Мəдиев Ресейдің «Қорғаушылар» фильмінде басты рөлдердің бірін ойнады, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті бүгінгі санында.
None
None

Бұл кинотуындыда Кеңес заманындағы жойқын күш иелерінің ерліктері баяндалады. Мамандар аталған картинаны Голливудтың «Икс адамдар» атты блокбастерінің аналогы ретінде бағалап отыр. Себебі, бұл фильмде де тылсым күшке ие су пер қаһармандардан құралған топ зұлымдықпен күресіп, бей бітшілік үшін қан төгеді. Оқиға желісі бойынша топ мүшелері ұзақ уақыт өздерінің кім екендерін жасырып, қарапайым халықпен бірге өмір сүреді. Ал ел басына күн туған соғыс кезінде олар атқа қонып, халық ты жауыздықтан құтқарады. Қаһармандардың барлығы КСРО құрамында болған əртүрлі ұлттың өкілдері. Сондықтан фильм барысында əр мықтының өзіндік ерекшеліктерімен қатар, ұлттық болмысы мен дəстүрі де ес-керілген.

С.Мəдиев картинада Хан есімді желден де жылдам қорғау шының рөлін ойнайды. Сол себепті де оны топ мүшелері жел- адам деп атайды. Айта кетейік, фильмнің режиссері Сарик Андреасян да Қазақ станның тумасы. Ол Қоста най қаласында туып-өскен. Режиссердің айтуынша, жаңа фильм 2017 жылдың ақпан айында көрермен назарына ұсынылмақ.

Соңғы жаңалықтар