«Қазақ Алтын» концернінің әкімшілік ғимаратында өрт болды

None
None
АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат – Ақмола облысында «Қазақ Алтын» концернінің әкімшілік ғимаратында өрт болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.Степногор қаласында кеше, мамырдың 11-і күні сағат 04.00-те «Қазақ Алтын» кен-металлургиялық концерні басқармасының екіқабатты әкімшілік ғимаратының шатыры өртенді. Оқиға салдарынан екінші қабаттың 560 шаршыметрдей аумағы зақымданды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жалын облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің күшімен ауыздықталды.
Соңғы жаңалықтар