Қазақ астығы Мысыр арқылы Парсы шығанағы мен Африка елдеріне жеткізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ астығы Мысыр арқылы Парсы шығанағы мен Африка елдеріне жеткізіледі. Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейінгі брифигте Қазақстандағы Мысыр Араб Республикасының Төтенше Өкілетті Елшісі Хайсам Салах Камел Ибрагим мәлім етті.
None
None

«Қазіргі кезең екіжақты қатынастардың жоғары деңгейге көтерілуімен ерекшеленеді. Бұған дәлел ретінде осы жылғы қазандағы Мысырдың Экономика және сауда министрінің Астана қаласына ресми сапарын атап өткен орынды. Мысырдың Думьят қаласында астық сақтау және сатуға арналған халықаралық логистикалық орталықтың құрылуы да осы сапардың өзекті нәтижелерінің бірі. Бұл орталық Таяу шығыс, Парсы шығанағы, Африка елдерін астықпен қамтамасыз ететін орталық болады. Сонымен қатар бұл орталық Қазақстан астығының жаңа нарықтарға шығуына шексіз мүмкіндік береді», - деді Елші.

Оның атап өтуінше, бұған дейін Қазақстан астығын аталған елдердің нарығына шығаруда көлік шығындары жоғары әрі ара қашықтық шалғай болған еді. Ал ендігі уақытта Мысырда халықаралық логистикалық орталықтың ашылуы екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың дамуындағы әлеуетті жаңа сала болмақ.

«3 млн. 100 шаршы метр аумаққа салынатын, құны 2,5 млрд. долларды құрайтын Мысыр ұлттық жобасы жаңа қоймалар салуға арналған. Оның бастапқы кезеңдегі мүмкіндігі жылына 7,5 млн. тонна астықты сақтауға арналған. Ал болашақта оның сыйымдылығы жылына 65 млн. тонна астық пен басқа да азық-түлік тауарларын сақтауға арналатын болады», - Хайсам Салах Камел Ибрагим.

Соңғы жаңалықтар