Қазақ балаларымен асық ойнап өскеннен кейін менің қазақ тілін білмеуіме хақым жоқ - А.Верещок

АСТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Мен қазақ тілін білгенім үшін туған жерім Павлодар облысы Баянауылға қарыздармын. Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Тілдер мерекесі аясында өткен «Тілге құрмет - елге құрмет» салтанатты іс-шарасы барысында журналистерге сұхбат берген Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Александр Верещок осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Мен қазақ тілін білгенім үшін туған жерім Павлодар облысы Баянауылға қарыздармын. Қазақ ауылында, қазақ балаларымен асық ойнап өскеннен кейін менің қазақ тілін білмеуіме хақым жоқ еді. Бізде орыс-қазақ деп бөліну болған жоқ. Бәріміз үй-үй боп, араласып тату тәтті жанұя болып тұрдық. Бірінші сыныпқа қазақ мектебіне барғаннан бастап менің қазақ өнеріне құштарлығым оянды. Оның ішінде домбырамен ән айтуға құмарым басым болды. Көп жылдардан бері қазақтың өнерін, соның ішінде тілін, мәдениет насихаттаумен келем. Өзім қазағымның 40-тан астам әндерін, 20-дан астам термесін білемін, көпшілік алдында орындап та жүрмін. Негізі, терме халықтың жүрегінен шығады деп білемін. Сондықтан осы шығармаларды жүрегіммен сүйіп, тебірене орындаймын», - дейді А.Верещок.

Университет алаңында өтетін іс-шара барысында қазақтың киіз үйлері тігіліп, әрбір үйде мерекелік дастархан жайылады. Осы жерде орнатылатын арнайы сахнада «Дала сазы» оркестрінің сүймелдеуімен «Қара жорға» биі орындалып, қазақтың өнерпаз жастары мақал-мәтел және тіл сайыстарында, сондай-ақ асық пен тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындарда өз бақтарын сынады.

Соңғы жаңалықтар