Қазақ баласы ойлап тапқан Smart бесіктің 4 vip нұсқасы сатылымға шықты

Естеріңізде болса, Астанадағы Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің магистранты Серікбол Шәймарданның электронды бесік ойлап тапқандығы туралы ақпаратты БАҚ өкілдері жарыса жазған болатын. Енді міне, сол SmartBesik-тің жаңа 4 vip нұсқасы көпшілікке таныстырылуда, деп хабарлады 24.kz.
Серікбол Шәймардан: «Дәл осындай қазақы нақыштағы ою-өрнектерімен безендірілген бесік жасауды көптен бері ойлап жүрген едім. Осы ойымды жылдам жүзеге асыруыма АҚШ-тағы қандас бауырымыздың тапсырысы себеп болды. Ол сәбиіме барынша жайлы, әрі осындағы шетелдіктерге мынау қазақтың бесігі деп көрсетуге әбден лайық болсыншы деп өтінген еді...», - дейді.
Бесікті өндіретін «Smart besik"» ЖШС компаниясы қазақстандық эстрада жұлдыздары орындайтын бесік жырлары жазылған қондырғының бар екенін хабарлайды.
Мұнымен қатар smart бесік авторы Серікбол Шәймардан өнеркәсіп үлгісіне патент алғандығымен бөлісті.
Vip бесіктің 4 түрінің әрқайсысын 50 000-нан 110 000 теңге аралығындағы бағада сатып алуға болады.