16:50, 28 Тамыз 2017 | GMT +5
Қазақ баласы таеквондодан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақтың қаршадай ұлы таеквондодан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол бұл жетістікке таеквондодан Египетте өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қол жеткізді. Бұл таеквондо спортынан жасөспірімдер арасындағы қазақ спортшылары тарихындағы алғашқы алтын жүлдесі.
41 келі салмақта сынға түскен Бақытжан Әбілхасан әлем біріншілігінде жалпы бес кездесу өткізіп, барлығында қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Отандасымыз финалда ресейлік Магомедов Шамильді тізе бүктірді. Оған дейін мексикалық, болгар, түрік және ливан таеквондошыларын жарыс жолынан тайдырған болатын.
Осылайша, жасөспірідер арасындағы әлем чемпионатын Қазақстан құрамасы 1 алтын және 1 қола медальмен аяқтады.
Естеріңізге сала кетейік, біріншіліктің алғашқы күні қыздар арасында Рита Бакишева қола жүлдегер атанған болатын.