Қазақ боксшысы WBO чемпионы атағы үшін өзбек боксшысымен жұдырықтасады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат-25 наурызда Алматыда өтетін MTK Fight Night бокс кешінде қазақстандық боксшы Нұрдос Төлебай (8-0, 6 КО) рингіде бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол Өзбекстан өкілі Бургут Ходжибаевпен (8-3, 3 КО) кездеседі. Ұйымдастырушылардың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жекпе-жекте жартылай орта салмақта WBO тұжырымы бойынша «жастар» әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады.
Кештің басты жекпе-жегі Қамшыбек Қоңқабаев (4-0, 3 КО) пен тәжірибелі оңтүстік африкалық Джонни Мюллер (23-2, 14 КО) арасындағы кездесу болмақ. Қарсыластар қазақстандыққа тиесілі бірінші ауыр салмақта WBA Gold белбеуі үшін жұдырықтасады.