Қазақ даласына қанша адам депортацияланды

«ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА-ның ХХІІ сессиясында «ХХ ғасырда Қазақстан аумағында көпэтникалық халықтың қалыптасуының күрделі кезеңі» өткенін айтқан еді. Сталиндік режим кезінде әр жылдары тұтастай халықтар қазақ жеріне жер аударылып жатты. Жалпы алғанда, 5 млн адамға дейін адам депортацияланды. Жер аударылған халықтардың тағдырын зерттеу ұзақ уақыт мүмкін болмады. Саттар Фазылұлы (ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры, тарих ғылымдарының докторы) бұған дейінгі кітаптың тұсаукесерінде атап өткендей, тарихшылар тәуелсіздік алған жылдардан бастап зерттеу жұмыстарын жүргізгенімен, құжаттардың көбіне қол жеткізу қиын болды», - дейді Жәмила Әбдіқадырова.
Жәмила Әбдіқадырова өз сөзінде Президент архиві 2004-2008 жылдары кең ауқымды жұмыс жүргізгенін, ал үкіметаралық комиссия осы құжаттарды қарап, көбін Коммунистік партияның орталық комитетінің функциясы ретінде құпиялау туралы шешім шығарғанын атап өтті. Алайда, жұмыс айналымына 40 мыңға тарта құжат енгізілген.
«Қазақстан халқының интерактивті картасын әзірлеу туралы ұсынысқа байланысты халықтың көпұлтты құрамын зерттеу жұмысына жаңа серпін берілді. 2010 жылы ТМД тарихшыларының форумында Мемлекет басшысы депортацияланған халықтардың тағдырын зерттеу жұмысына кірісуді тапсырды. Осыған байланысты Президент архиві ҚХА-мен бірлесе отырып, депортацияланған халықтарды қабылдау және орналастыру бойынша деректі жинақтардың сериясын дайындады. Сондай-ақ, құжат жинақтарында ГУЛАГ жүйесіндегі арнайы мекемелердегі режімді күшейту тарихы, зорлықпен көшірілген мигранттарды орналастыру мәселелері, еріксіз еңбекке тарту туралы деректер берілген», - деді Жәмила Әбдіқадырова.
Еске сала кетсек, елордада Қазақстан халқы Ассамблеясы Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» халықаралық Х форумы өтіп жатыр. Аталмыш форумда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев сөз сөйлеп, сталиндік репрессияның құрбандары бойынша ортақ аза - қазақстандықтарды біріктіретін факторға айналуы тиіс» екенін мәлім етті.