16:05, 19 Қазан 2013 | GMT +5
Қазақ елінде кәсіпкерлік те даму үстінде - Ө.Демирал, БҚО
ОРАЛ. 19 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан менің екінші Отаныма айналды. Түбі бір халық болғандықтан, қазақ елінің жеткен жетістіктеріне қуанып, сүйсініп жүреміз. Бұл туралы Орал қаласындағы «Каризма» ЖШС директоры Өзгүр Демирал мәлім етті.

«Нұр Отан» партиясының XV съезінде партияның жаңа саяси доктринасының жобасы, партияның алдағы онжылдықтағы міндеттері талқыланып, делегаттар тарапынан толық қолдау тапты. Қазақстан бүгінде дүние жүзіне танылды. Мұның барлығы ел ішіндегі ұлтаралық татулық, береке-бірліктің нәтижесі екені белгілі. Осындай ынтымақтың арқасында ел экономикасы дамуда, халықтың әлеуметтік ахуалы жақсаруда. Кәсіпкерлік даму үстінде. Менің өзім де Орал қаласынан жиһаз цехын ашып, іске қостым. Бұған мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдау саясатының ықпалы зор болды», - деді Ө.Демирал.