Қазақ фильмі Сан Себастьян кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына өтті

«Баск елінің» бұл фестивалі - «А» класындағы ең көне кинофестивальдердің бірі.
Ол Еуропадағы Канн, Берлин, Венециядан кейінгі төртінші маңызды және испан тілінде сөйлейтін әлемдегі ең маңызды жиын саналады.
Фестиваль бүкіл әлем бойынша көрнекті таланттарды іздеумен және жыл сайын жаңа есімдерді ашумен танымал.
«Бауырына салу» картинасы қазақтың байырғы дәстүрі бойынша әжесінің тәрбиесіндегі баланың өмірін баяндайды.

Әжесі өмірден озғаннан кейін ол ата-анасына оралып, жаңа ортада бейтаныс адамдармен қарым-қатынас орнатуы керек.
Фильмнің сценарийін жазған Асхат Кучинчирековтың айтуынша, бұл картина - қазақ халқының салт-дәстүріне деген құрмет.
«Өз басымнан өткен оқиға. Мен әжемнің қолында өстім, ол мені өсірді. Бірақ бұл жерде ең бастысы - ата-анамен қарым-қатынас. Әжесімен бірге өскен балалар ата-анасын «әке», «ана» деп атамайды. Неліктен? Балалар тастап кеткені үшін ата-анасына ренжиді. Фильмнің драмасы сол, ескі отбасынан айырылған кейіпкер әлі де жаңасын таба алады», - дейді режиссер.
«Асхат Кучинчиреков отбасындағы, ең алдымен, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты өте талантты түсірген, «бауырына салу» дәстүрі Орталық Азия аймағында болғанына қарамастан, бүкіл әлем бойыншп түсінікті және көрерменге жақын болып шықты. Мұның жарқын дәлелі - Сан Себастьян фестиваліне қатысу», - дейді фильмнің продюсері Анна Качко.

Көпшілікке Сергей Дворцевойдың «Тюльпан» фильміндегі басты рөлі арқылы танылған Асхат Кучинчиреков (2008 жылы Канн кинофестивалінде «Ерекше көзқарас» байқауының бас жүлдесінің иегері) өзінің дебют фильмін үш жыл бойы жасады.
Түсірілім Алматы облысындағы Құйған және Тұйық ауылдарында жүргізілді.
Қоюшы-оператор - Жанарбек Елеубек.
Басты рөлді актер Ерсұлтан Ерманов сомдады.
71-ші Сан Себастьян халықаралық кинофестивалі 2023 жылдың 22-30 қыркүйегінде өтеді.