Қазақ-француз кәсіпорны Оңтүстік Төрткұдық уран кен орнын пайдалана бастайды

Франция
Фото: Kazinform

Француздық Orano Mining пен «Қазатомөнеркәсіптің» бірлескен KATCO кәсіпорыны Қазақстандағы Оңтүстік Төртқұдық учаскесінде уран өндіруді 2023 жылдың соңында бастайды, деп хабарлайды Kazinform Trend.az-ға сілтеме жасап.

- Қазақстан - әлемдегі ең ірі уран өндіруші ел. Orano елімізде 1996 жылы Orano Mining (51 пайыз) және «Қазатомөнеркәсіп» (49 пайыз) құрған бірлескен кәсіпорын KATCO арқылы Шымкенттен солтүстікке қарай 300 шақырым жерде орналасқан Түркістан облысындағы Мойынкұм және Төрткұдық кен орындарының уран ресурстарын игеру және пайдалану үшін құрылған, - деп хабарлады Trend.az.

Корпорацияның мәліметінше, қазір онда 1200-ден астам адам жұмыс істейді. Ол жылдық қуаты шамамен 4000 тонна уран болатын ISR кенішін басқарады. Соңғы 20 жылда KATCO екі кен орнынан 40 000 тоннадан астам уран өндірді.

- 2022 жылдың тамыз айында КАТСО мен ҚР Энергетика министрлігі Оңтүстік Төртқұдық учаскесін игеру бойынша қолданыстағы жер қойнауын пайдалану келісімшартына толықтырулар енгізді. Бұл жаңа алаңның жұмыс істеуі KATCO өндірісіне шамамен он бес жыл кепілдік береді. Жаңа алаңдағы өндіріс 2023 жылдың аяғында басталуы керек,- дейді компания дереккөзінен.

Сондай-ақ дереккөз Orano Mining мен «Қазатомөнеркәсіп» қазақстандық ұлттық компаниясы 2022 жылдың 29 қарашасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғанын атап өтті.

- Осы меморандумның арқасында Orano Mining және «Қазатомөнеркәсіп» қолданыстағы табысты әріптестікке сүйене отырып, уран өндіру саласындағы ынтымақтастықты қолдау және нығайту ниеті туралы мәлімдейді, - деп қосты компания.

Қазақстан табиғи уранның дәлелденген қоры бойынша әлемде екінші орында тұр. Барланған әлемдік қорлардың шамамен 14 пайызы Қазақстан Республикасының жер қойнауында шоғырланған. Елдің жалпы дәлелденген қоры 700 мың тоннадан астам уранға бағаланады.

2009 жылы Қазақстан уран өндіруден әлемде бірінші орынды иеленді және әлемдік нарықта жетекші позициясын сақтап қалуда. Қазақстан әлемдік уран өндірісінің 40 пайызын өндіреді. 2021 жылы уран өндіру көлемі 21,8 мың тоннаны, 2022 жылдың қорытындысы бойынша 21,3 мың тоннаны құрады.

Соңғы жаңалықтар