17:03, 26 Мамыр 2015 | GMT +5
Қазақ ғарышкері А.Айымбетовтің қыркүйек айында ғарышқа ұшуы ықтимал
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов британдық әнші Сара Брайтманның орнына Халықаралық ғарыш стансасына ұшуы ықтимал.

Бұл туралы ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің баспасөз қызметінің басшысы Ербол Дәулетов мәлім етті.
«Бұл пысықталып жатыр. Брайтманның орны босауына байланысты осы мәселе қарастырылуда. Дегенмен «Роскосмос» қандай шешім қабылдайтыны белгісіз. Бірақ Қазақстан тарапынан нақты ұсыныс болып отыр», - деді ол «ҚазАқпарат» тілшісіне берген жауабында.
Еске сала кетейік, бұның алдында хабарланғанындай, қыркүйек айында Халықаралық ғарыш кемесіне британдық әнші Сара Брайтманның ғарыш турисі ретінде ұшуы туралы хабар тараған болатын. Дегенмен әнші қаржылық мәселелерге байланысты ол сапардан бас тартқан болатын.