Қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев РФ-ның «Ғарыш кеңістігін игеруге қосқан үлесі үшін» мемлекеттік медалімен наградталды

АНА. 3 шілде. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Ресей Президенті Дмитрий Медведевтің Жарлығымен қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев «Ғарыш кеңістігін игеруге қосқан үлесі үшін» мемлекеттік медалімен наградталды.
None
None

Аталмыш медальдарды бүгін Астанада РФ-ның еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарников табыс етті.

«Адам баласының алғашқы ғарышқа сапарының 50 жылдығына орай, Ресей басшылығы біздің планетамыздың ғарышты игеруге қатысқан тұтас бір қайраткерлер шоғырын ғарышты игеруге қосқан үлестері үшін мемлекеттік наградалармен марапаттауға шешім қабылдады», - деді салтанатты шара барысында М. Бочарников.

Оның айтуынша, қазақстандық ғарышкерлер басқарылатын космонавтика саласында халықаралық ықпалдастықты дамытуға үлкен еңбек сіңіргендері үшін еленді.

«Қазақстан мен Ресей арасындағы достық құр сөзбен және ортақ жетістіктермен ғана бекіген жоқ. Ресей елінің ғарышты игеруге өз үлестерін қосқан адамдарды ұмыт қалдырмай, марапат көрсетіп жатқаны қуантады. Бұл медальды төске тағу мен үшін үлкен мәртебе», - деді қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, КСРО-ның еңбек сіңірген ұшқышы Тоқтар Әубәкіров.

Талгат Мусабаев «Біздің ғарышкерлер біз салған жолды Ресей Федерациясымен бірге жалғастырады деп ойлаймын. Біздің еліміздің аумағында ең үздік, ең ірі, Әлемде ең көп ұшыру жасайтын космодромның орналасуы тегіннен тегін емес. Әлемнің барлық ғарышкерлері Байқоңырды екінші Отан санайтындықтарын бүкіл дүниежүзіне айтып, жар салады. Осы орайда Ресей Федерациясы космонавтика саласында Қазақстанның ең негізгі стратегиялық әріптесі болып қала бермек», - дейді Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы, ғарышкер, авиация генерал-лейтенанты Талғат Мұсабаев.

Соңғы жаңалықтар