Қазақ география қоғамы Тянь-Шаньның ең қиын шыңын бағындырмақ

АЛМАТЫ. 4 шілде. ҚазАқпарат - Қазақ география қоғамының техникалық альпинизм командасы 9 шілде мен 15 тамыз аралығында орталық Тянь-Шаньға экспедиция жасайды.
None
None

Бұл 2010 жылы кәсіпкерлер мен саяхатшылар бірлесіп құрған қоғамның биылғы жаңа жобасы болмақ. Бағдарламаның ғылыми бөлігінің жетекшісі Юрий Дороховтың айтуынша, олар Қырғыз Республикасындағы Қарақол мен Алаарша шатқалдарында  экстремальды бағыттар бойынша күрделілігі ең жоғарғы 5-6 дәрежелі бірнеше шыңдарға көтерілмек. Бұл Қазақстандағы техникалық альпинизмді қолдау мақсатын көздейді. Мақсұт Жұмаев, Денис Урубко сияқты әйгілі альпинистері бар Қазақ елінде биіктік альпинизмі  жақсы дамыған. Енді техникалық альпинизмді дамытуда да зор әлеует бар.

«Экспедияцияның спорттық мақсатынан бөлек сондай-ақ, өзіндік ғылыми мақсаты бар. Антарктидадағы сияқты біз Орталық Тянь-Шаньның  қар, су, топырақ үлгілерін жинаймыз. Өйткені онда жақын маңда ешқандай өнеркәсіп орындары жоқ. Бұл үлгілерді алматылық ғалымдарға береміз. Оған Қазгидромет пен өзге де бірнеше ғылыми ұйымдар үлкен қызығушылық білдіріп отыр», - дейді Ю. Дорохов. Олар экспедициядан оралған соң мұндай үлгілерді қалаға жақын жердегі Тянь-Шань тауларынан да жинамақ. Олардың химиялық құрамдарын салыстыру арқылы қаланың қоршаған ортаға қаншалықты күшті әсері бар екені  анықталмақ. Ауа райына байланысты экспедицияның қайту мерзімі 2-3 күнге өзгеруі мүмкін.  Альпинистердің өмірін  сақтандырған  БТА Сақтандыру компаниясы да экспедицияға үлкен қолдау көрсетуде.

«Шыңдар күрделілігі жағынан 5Б және 6Б санатында. Олардың әрқайсысын бағындыруға бірнеше күн жұмсалады. Өйткені әрбір таудың құрамы мен өзіндік климаттық  ерекшелігі бар. Шың басынан қар, су мен топырақ үлгілерірін альпинистердің алу себебі оған қарапайым жай ғалым көтеріле алмайды. Географиялық зерттеулерде ерте заманнан бері барлық тауларда альпинистер белсенді түрде пайдаланылып келе жатыр», - дейді команда  капитаны жартасқа өрмелеуден спорт шеберлігіне үміткер және ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі Леонид Крупа. Оның айтуынша, команда құрамында  альпинизмнен 2-дәрежесі бар ұлттық құрама мүшелері Тимурбек Анарбек, Роман Шестернин мен Виталий Комаров еніп отыр.

Соңғы жаңалықтар