Қазақ халық аспаптары Бішкек тұрғындарын тәнті етті

АСТАНА. KAZINFORM – Бішкектегі К.Молдобасанов атындағы ұлттық консерваторияда А.Жұбанов атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің «Қазақ-Қырғыз бір туған» атты концерті өтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Оркестр казахских народных инструментов покорил публику Бишкека
Фото: Гүлмира Әбдірахманова

Оркестердің көркемдік жетекшісі және дирижері, еңбегі сіңген қайраткер Дәурен Ғылымовтың және бас дирижер, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Мадина Қабіжанованың басқаруымен және мәдениет саласының үздігі Манзура Сапарованың, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Жалғас Болатұлы, Гаухар Саламас, Аманжол Өтемұратов, Оразғали Сағитжанұлы және Сәуле Зинеттің орындауында танымал музыкалық шығармалар, қазақ күйлері мен әндері орындалды.

Оркестр казахских народных инструментов покорил публику Бишкека
Фото: Гұлмира Әбдірахманова

Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының директоры Дина Ниязова Бішкекке алғаш рет келіп тұрғанын және қаланың ұнағанын жеткізді.

- Мен және көркемдік жетекшіміз Қырғызстанға алғаш рет келіп отырмыз. Бішкекті өз көзіңмен көру - соңғы жылдардағы арман болатын. «Қазақ – Қырғыз бір туған» деп бекер айтпаған-ау, біз өзімізді туған елдегідей еркін сезініп тұрмыз. Біз еліміздегі фестивальдарда өнер көрсеткен қырғыз әртістерін білеміз. Біздің мәдениетіміз ұқсас. Дегенмен олардың әрқайсысының ерекшелігі бар. Қырғызстанның таңғажайып халық музыкасы, қырғыз әндерінің сазды әуендері, әдемі күйлері бар. Бүгін концерттік бағдарламада қазақ музыкасы орындалса, кеш соңында қазақ және қырғыз музыканттары бірлесіп өнер көрсетеді. Ежелден келе жатқан достықты нығайта түсетін мұндай шығармашылық кездесулер тұрақты болуы керек, - деді ол.

Оркестр казахских народных инструментов покорил публику Бишкека
Фото: Гұлмира Әбдірахманова

Оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі дирижері Дәурен Ғылымов концертті «Қазақ - Қырғыз бір туған» деп атаудың идеясы туралы баяндап берді.

- Белгілі қырғыз дирижері Бақыт Тілегенов жетекшілік ететін Бішкек қалалық әкімдігінің халық аспаптары оркестрі Ақтөбеге дәл осындай символикалық атаумен концертпен келді. Қазақ оркестрінің Бішкекте өнер көрсетуі – ортақ тарих, мәдениет, тіл мен дәстүр біріктірген екі бауырлас халықтың мәдени байланысын нығайту идеясының жалғасы. Концерттік бағдарлама Құрманғазының әйгілі шығармаларын, қазақтың халық және классикалық әндерін қамтиды, сондай-ақ әлемдік классика мен қырғыздың бірнеше шығармалары орындалады. Көрермен көңілінен шығып, олар бізге фантастикалық қолдау көрсетеді деп сенеміз, - деді дирижер.

Концерт бішкектік көрерменнің ду қол шапалақтауымен аяқталды.

Бұған дейін елорда қонақтары мен тұрғындарына лирикалық-драмалық қойылымдар ұсынған Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрының Бішкектегі гастрольдік сапары туралы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар