Қазақ халқы барда, Құрманғазының есімі де мәңгі өшпейді - Н.Назарбаев

None
None
АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Астанада қазақ арасында «күй атасы» атанған Құрманғазы Сағырбайұлына арналған арналған ескерткіш орнатылды. Бүгін  ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

 Ұлы композитор, дәулескер күйші Құрманғазы Сағырбайұлының ескерткіші елордадағы Тұран даңғылының бойындағы  «Думан» конақүй кешенінің аумағында орнатылды. Ескерткіштің жалпы биіктігі 10 метрді құрайды: 5,5 м - тұғыры және 4,5 м - ескерткіштің биіктігі. Авторы - мүсінші Асан Молдабаев.

«Қазақ халқы барда, Құрманғазының есімі де мәңгі өшпейді», - деді салтанатты шара барысында сөз сөйлеген Елбасы Н. Назарбаев.

Күй өнерінің классигі Құрманғазы Сағырбайұлы қазақ музыка тарихында ерекше орны бар аса ұлы тұлға. Әрі күйші-сазгер, әрі дүлдүл домбырашы. Күйшілік өнерді ерекше сатыға көтерген ол ұлттық аспаптық музыканы әлемдік классикалық туындылармен тайталаса алатын дәрежеге жеткізе білген. XIX ғасырда өмір сүрген ұлы күйші-композитор, Құрманғазы Сағырбайұлының «Сарыарқа», «Балбырауын», «Алатау», «Кішкентай», «Қайран, шешем», «Адай», тағы да басқа көптеген күйлері әлемдік музыка қорына қосылған алтын қазына деуге болады. Қазақ даласының әсемдігін суреттейтін «Сарыарқа» күйі композитор шығармашылығының шыңы болып саналады. Қазіргі уақытта Құрманғазының 60 күйі сақталған.

Соңғы жаңалықтар
telegram