Қазақ халқы үшін тәуелсіздік пен Елбасы егіз ұғымға айналды

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақ халқы үшін тәуелсіздік пен Елбасы егіз ұғымға айналды.
None
None

Бұл пікірді бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Нұр Отан» ХДП-ның XIII съезінде ОҚО Отырар аудандық мәслихатының депутаты М.Белгібай білдірді.

«Қазақ халқы үшін тәуелсіздік пен елбасы егіз ұғымға айналды. Бас аяғы 20 жылда 100 жылға татитын тірліктер жасалды. Айбыны зор, айдыны мол, қуаты тасыған мықты мемлекетіміз бар. Қазақ деген даңқымыз бар. Берекелі халқымыз бар. Қазақстан Елбасымыздың кемеңгер, сындарлы саясатының арқасында әлемдік қауымдастық санасатын іргелі тәуелсіз мемлекетке айналды. Осының бәрі халқы үшін аянбай еңбек еткен түн ұйқысын төрт бөлген Елбасымыздың арқасы», -деді М.Белгібай.

Сонымен қатар 3 сәуір күні кезектен тыс Президенттік сайлаудың өтетіндігін атап өткен ол: «Ел тағдыры үшін маңызы зор осы жауапты оқиғадан әрбір елжанды, әрбір отаншыл азамат шет қалмауы тиіс. Еліміздің болашағы тек қана Елбасымен байланысты. Еліміздің қалауы - Елбасы. Халықтың таңдауы - Елбасы. Сондықтан алдағы сайлауда халық бір жұдырықтай болып жұмылып, бүкіл ел болып Нұр ағамызды толықтай қолдайды деп сенемін. Бұл бүкіл Қазақстан халқының шын жүректен шыққан тілегі мен таңдауы», - деп түйіндеді ол өз ойын.

Соңғы жаңалықтар