«Қазақ хандығы ту тіккен өлке» атты керуен - Жамбыл облысында

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - «Мәңгілік Ел» идеясы аясында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығы ту тіккен өлке» атты тарихи-мәдени жоба бойынша арнайы керуен шығып, Жамбыл облысының аудандарын аралауды бастады.
None
None

Өлкетанушы, тарихшы, мәдениеттанушы, айтыс ақындары және сан түрлі өнер иелерінен тұратын бұл керуен кестеге сай барлық аудандарды аралап, әр өңірдің тарихи, мәдени, тұрмыс-салттық ерекшеліктерін ескереді. Қазақ хандығы мен қазақ халқының тарихы, еліміздің өркендеуіне және нығаюына өмірі мен қызметін арнаған көрнекті тарихи тұлғаларды насихаттауды басты мақсат тұтқан бұл топ өңірдің шежіреші, жыршы, термеші, көпті көрген қариялар мен зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізеді. Ұлттық болмысқа тән барлық құндылықтар жойылып кетпес үшін оларды қасиеттеу, тарихты ұмытпау, халықтың рухани сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында жолға шыққан бұл керуен жас ұрпақтың патриоттық рухын көтеріп, ел тарихына, дәстүріне, мәдениетіне және мұрасына құрметпен қарауға үндейтіні анық, деп хабарлайды egemen.kz.

Соңғы жаңалықтар