Қазақ хандығына 550 жыл: Ұлттық ұлан Ақтауда дөңгелек үстел отырысын өткізді (ФОТО)

None
None
None

ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының Ақтау қаласындағы үш күндік оқу-әдістемелік жиыны барысында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығының 550 жылдығы: Ұлттық ұлан жеке тұлға, қоғам және мемлекет күзетінде» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, шараны ашқан ҚР Ұлттық ұланы бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Мұхаметқали Сәтов Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Қазақ хандығының 550 жылдығы елімізде кең көлемде аталып отырғанын жеткізді. Бұл - тәуелсіз Қазақстанның «Мәңгілік елге» бет алғанының нақты көрінісі. Ата-бабаларымыз мұра етіп қалдырған жері мен бар байлығын көздің қарашығындай сақтап, болашаққа табыс ету - бүгінгі ұрпақтың, соның ішінде Ұлттық ұланның ең қастерлі міндеті.

«Батыс» өңірлік қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Берік Омаров, Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Збира Есбергенова және басқалары Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың елдің бірлігін нығайту, жастарды отансүйгіштікке баулуда маңызы зор екендігін атап өтті.

Басқосу соңында М.Сәтов ҚР Ұлттық ұланының бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтың атынан алғысхаттар мен төсбелгілерді табыс етті.

Сондай-ақ Ақтаудағы 3502-әскери бөлім базасында үздік әскери қызметкерлер марапатталды. Атап айтқанда, 6656-әскери бөлім атқыштар батальонының командирі, майор Айбек Арыстанбаев, осы бөлімдегі жедел мақсаттағы батальоннан сержант Серік Төлесінов, 3502-әскери бөлімнен сержант Әлия Баймұрзаева үздік деп танылды.

Соңғы жаңалықтар