Қазақ-қырғыз шекарасы маңында тұратын екі азамат есірткі сатқаны үшін 13 жылға сотталды

Героинмен ұсталғандардың әрқайсысы 13 жылға бас бостандығынан айырылды, деп мәлім етті Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті. Kazinform бұл туралы Кабар-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қырғыз
Фото: Кабар

Ведомство ақпараты бойынша, жүргізілген жедел-іздеу шаралары барысында Қазақстан мен Қырғызстан шектесетін аймақ тұрғындары ұйымдастырған ауыр есірткі заттарының заңсыз айналымының жолы кесілді.

ҚР ҚК 282-бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында түрлі есірткі құралдарын Қырғыз Республикасы аумағында және басқа елдерге таратқан З.Э.З. және Ш.Э.Дж атты Қырғызстан азаматтары мен қазақстандық азаматтар анықталды.

2022 жылдың 13 қарашасында салмағы 1105 грамм героинді (қара нарықтағы бағасы – 5 млн сом) тасымалдау кезінде Шу облысы Жайыл ауданы «Сосновка» салмақ өлшеу постында Талас облысының тумасы әрі тұрғыны Ш.Э.Дж. және осы арнаны ұйымдастырған Талас облысының тумасы З.Э.З. ұсталды.

Жайыл аудандық сотының шешімімен З.Э.З. мен Ш.Э.Дж.13 жыл бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді.

ҚР ҰҚМК заңсыз есірткі айналымымен айналысқандарды қатаң жаза күтіп тұрғанын ескертті.

Соңғы жаңалықтар